Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Волейбол: Қазақстан әйелдер құрамасы Индонезияны жеңді

10 Маусым 2025, 23:29
293
Бөлісу:
 ҰОК
Фото: ҰОК

Вьетнамның Ханой қаласында әйелдер құрамалары арасындағы Орталық Азия Ұлттар лигасының үшінші кезең матчтары өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстан құрамасы Индонезияны 3:0 (25:17, 25:12, 26:24) есебімен сенімді түрде жеңді.

Ұлттық құраманың еншісінде қазір үш матчта үш жеңіс бар. Бұған дейін қазақстандықтар Жаңа Зеландия мен Моңғолиядан басым түскен еді.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 9 ұпаймен B тобында көш бастап тұр.

Өзгелердің жаңалығы