Владимир Бондаренко: Қару ұрлау – лауазымды тұлғалардың тәртіпсіздігі

3 Наурыз 2020, 17:44
1133
Бөлісу:
Владимир Бондаренко: Қару ұрлау – лауазымды тұлғалардың тәртіпсіздігі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі кездегі әскери қару-жараққа, оның айналасындағы түрлі мәселелерге қатысты генерал-майор Бондаренко Владимир Петровичпен әңгімелескен едік.

- Владимир Петрович, жақында Қазақстан армиясында төтенше жағдай орын алды. Әскери қызметші өз еркімен әскери бөлімді тастап, қару-жарақ пен оқ дәріні алып кетті. Әскери маман ретінде бұған не дейсіз?

- Өкінішке қарай, қайғылы оқиға Бадам елді мекенінде орналасқан бөлімшеде болды. Сонымен қатар бұл әрекетті жай қарапайым әскери қызметші емес, қару-жарақ бөлмесінің кілті және кіруге рұқсаты болған тәуліктік нарядтың лауазымды адам жасады. Әрине ол Қарулы Күштердің Жарғысындағы кейбір өкілеттіктерді өз есебіне пайдаланды. Менің ойымша, бұл өз жағына күдік тудырмайды, қылмыс жасауға септігін тигізді. Бұл оқиға қолбасшылық тарапынан жан-жақты тергеуді талап етеді. Оқиға себептерін ашып, дұрыс қорытынды жасау қажет.

- Не себепті мұндай адамға қару-жараққа қатысты рұқсат берілді? Оның қылмыстық әрекеттерін алдын-ала байқауға болмады ма?

- Тәуліктік нарядты атқаруға неғұрлым дайындалған және жауапты әскери қызметшілер жіберіледі. Жолдастарым айтып бергеніндей қылмыскер өзін дәл осы тұрғыда көрсеткен. Ол қатардағы жауынгер, не болмаса «мерзімді қызметтегі әскери қызметші» емес, ол келісімшарттағы кіші сержант болды. Өкінішке қарай, адамдардың ішіне кіріп шықпайсың. Мұндай адамдар болады.

Сонымен қатар, мұндай адамдарды кейде тану қиын. Олар жасырын мотивациялық мінез-құлыққа ие екенін түсіну керек. Яғни, ол басқалардан еш айырмашылығы жоқ секілді, өзін қарапайым түрде ұстайды. Мінез-құлықында өзіне назар аудартатындай ешқандай белгілерді байқатпайды. Менің тәжірибемде мұндай адамдар бірнеше рет кездесті. Өкінішке қарай, оларды анықтау өте қиын.

Осы ретте әскерде қызмет етуге бара жатқандарды қарауды ескере кету қажет. Айта кетейін, олардың арасында талапқа сәйкес келмейтіндер де бар. Көп жастар бірінші орынға мамандықтың материалдық жағына мән береді. Сонымен қатар, көптеген адам әскерге ақша табуға, тұрақты жұмыс істеуге, жалпы өмір сүруге қолайлы болу үшін барады. Бірақ әскери қызмет – оңай емес. Арқалар жүгі ауыр. Осыдан бастап түрлі құқық бұзушылықтар мен оқиғалар туындайды. Және ондай адамды әскерге алғандары үшін немесе нашар тәрбие бергені үшін бірден бастықтар мен командирлерді айыптау дұрыс емес. Сонымен қатар, қазіргі жастар қандай да бір артықшылықтары, мәртебесі, өкілеттілігі немесе жоғары жалақысы бар құрылымдарға баруға ұмтылады.

Өкінішке қарай әскерге шақырылғандар қалаған әскери бөлімдерге жіберіледі, ал Қорғаныс министрлігінің оқу орындары түлектерін кейбір кезде тегі бойынша және алдын ала басқа күш құрылымдарына жолдайды. Ал бұл керісінше болуы керек. Менің ойымша бұл іске біздің жоғары басшылық назар аударып, шындап ойлануы қажет.

Қорғаныс министрілгі – бұл адам саны, қару-жарақ пен әсери техникасы көп, кәсіби қарауды талап ететін қиын және жоғары технологиялық жүйесі бар, Қазақсатндағы ең ірі және салмақты ведомства. Сонымен қатар, Қазақстан Қарулы Күштеріндегі көптеген сала тәуекел етуді талап етеді. Сол себепті әскерде тек үздіктер қызмет ету керек.

- Білуімізше, жағдай Қазақстанның әуе кеңістігін жаудан қорғауға бағытталған әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшесінде болды. Қалай ойлайсыз, онда қызмет ететін адамдарға қандай талаптар қойылуы керек?

- Өте дұрыс. Бұл әуе шабуылына қарсы қорғаныстың әскери бөлімі. Оның негізгі міндеті әуе кеңістігін қорғау. Мұның өзі айтарлықтай маңызды нәрсе. Мұндай бөлімшелер тәулік бойы дәл жауынгерлік кезекшілікті атқарады. Ал бұл – әдеттегі кезекшіліктен басқаша. Сондықтан мұндай бөлімшелерде ерекше талаптар қойылатын тиісті мамандар мен кәсіпқойлар қызмет етуі тиіс. Олар қысқа уақыт ішінде қолда бар қару-жарақпен қарсыласты табу және зақымдау жүйесін шебер пайдалануға және терең техникалық танымға ие болуға тиіс.

Жалпы, мұндай мамандарды даярлау мен оқытуға көп уақыт кетеді. Олар аз өте аз.

- Бұл бөлімде басшылар тарапынан қару-жарақтың сақталуын бақылау мүлде жоқ деуге бола ма?

- Әрине, болмайды. Бірақ, бұл жағдай болғандықтан, бөлімше командирінің тарапынан жіберілген қателіктер болуы мүмкін. Енді бұл сұрақтың нүктесін тергеу, сот шешеді.

Менің білуімше, қазір қару-жарақ сақталатын үй-жайлар диверсияға қарсы құрал-жабдықтар және арнайы жарық, дыбыстық дабылдармен сондай-ақ терезелері металл, тормен жабдықталған. Осының бәрінен шығатын бір ғана қорытынды бар: қаруды ұрлаған сарбаз өзінің кезекшілігін пайдаланып, мұқият дайындалған. Өйткені ол қару сақтау бөлмесіне кезекшілікке түсті.

Қару ұрлау фактісі – бұл лауазымды тұлғалар мен жеке адамдардың тәртіпсіздігі, қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағанынан туындаған. Мұндай жағдайларда жүктемелердің жоғары болуы, тұрақтылық пен біркелікілік қырағылықты әлсірететін және психологиялық шаршауды тудыратын іс-әрекеттер қылмысты жасауға ықпал етеді.

Өз тәжірибемнен білемін, егер әскери қызметші аптасына бірнеше рет тәуліктік нарядқа, кезекшілікке түссе «бір күннен кейін қайта белбеу» болады да, онда сергектік пен зейін сөзсіз жоғалады. Неге осындай жағдайлар болады? Көбіне бұл бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында штаттық бірліктер санының азаюының салдары. Айтпақшы, әдетте әскери бөлімдердің, қоршаулардың, техникалық қауіпсіздік құралдарының қауіпсіздігі қаржыландырумен тығыз байланысты, бірақ ең бастысы мұнда адамдық фактор бар.

- Бұл әуе қорғаныс бригадасы әуе кеңістігін қорғауға қаншалықты қабілетті?

Бригаданың дайындығын былай бағалау керек:

-      Қойылған әскери дайындық жаттығуларын орындау:

-      Жауынгерлік міндеттерді атқару;

-      Әуе нысандарын анықтау және бақылау;

- Тактикалық жаттығуларда атыс жаттығуы бойынша тапсырмаларды орындау:

- Материалдық ресурстардың қауіпсіздігі;

- Жеке құрамның және әскери тәртіптің моральдық-психологиялық жағдайы.

Менің білуімше, бригада әуе кеңістігін қорғауда және тапсырманы жақсы орындауда қабілеті жоғары.

Жақында әлі де қызмет етіп жүрген әріптестерімнен өткен жылы Қорғаныс министрі Шымкенттегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының штабында болғанын білдім. Ведомство басшысы командалық посттағы баяндама кезінде баяндама оқып жатқан адамды тоқтатып, күтпеген жерден кетіп қалады. Кейін белгілі болғандай, жергілікті әуе базасына жасырын түрде анықтау және жою жүйелерінің дайындығын тексеру үшін тікұшақты әуеге көтеруді бұйырады. Осыдан кейін ол 1-2 минуттан кейін оралады. Командалық бекетке әуе кемесінің табылғаны туралы хабарлама келіп түсіп, яғни нысанға келген қауіп дер кезінде анықталып, қару-жарақ сақталды.

Сондай-ақ бригаданың түрлі жаттығуларға қатысып, оның ішінде ТМД елдерінің әуе шабуылына қарсы біріккен жүйесінде жақсы нәтижелер көрсетіп, жеке құрам бірнеше рет көтермеленді. Сондықтан бұл жағдайда бәрі жаман емес, бұл төтенше жағдай командирлер үшін жақсы сабақ болады деп сенемін.

- Әңгімеңізге рахмет!
Өзгелердің жаңалығы