Вице-министр жауабы: LRT жобасының орын алмастыратын баламалы жобалар әзірленді ме?

8 Сәуір 2022, 15:27
2265
Бөлісу:
Вице-министр жауабы: LRT жобасының орын алмастыратын баламалы жобалар әзірленді ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев ЛРТ жобасына қатысты пікір білдірді. 

Вице-министр ұйымдар мен қауымдастықтар тарапынан LRT жобасының орнын алмастыратын баламалы жобалар әзірленіп жатыр ма деген журналист сұрағына жауап берді.

Бұл мәселені қазір нақты айта алмаймын.  Негізі қала тұрғындарының тарапынан ұсыныстар болған. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жоба туралы ұсыныстарды жинақтап жатыр. Біздің министрлік мұны анықтап, қосымша хабарлайтын боламыз, - деді Еркебұлан Дауылбаев.

Q88 урбанистер Қауымдастығы кеңесінің мүшесі Ержігіт Балқыбеков Павлодар қаласы бойынша жоба қашан іске асырылатынын айтты. 

Жобаны іске асыру жергілікті атқарушы органның құзырында. Ол қаланың қаржы мәселесі мемлекеттік сатып алу мерзіміне де  байланысты. Ең алдымен жобаның құжаттамасы жасалады және ұсыныстар кезеңдерге бөлініп, жүзеге асырылады. Негізі жоба 2025 жылға дейін қарастырылған. Алайда басқа да шешімдерге қарай нақтыланатын болады, - деді Балқыбеков «Берекелі бастау-қалалық бастама» бағдарламасы туралы баспасөз мәслихатында. 

Сонымен қатар Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев Павлодардағы «Берекелі бастау – қалалық бастама» жобасы қаржыны қажет ететін мәселе екенін атап кетті. 

Біріншіден, бұл қаржыны қажет ететін мәселе. Сол себепті қаржының мүмкіндігіне қарай қаралады. Оның үстіне біз әрбір қала бойынша тұрғындардың ұсынысын қарап біткеннен кейін жұмыс жоспарын құрамыз. Министрліктің міндеті ұсыныс беру оны атқаратын әрине, жергілікті атқарушы орган, - деді вице-министр. 

Айта кетейік, қазақстандықтар өз қаласының инфрақұрылымын жақсарту туралы ұсыныс жібере алады. Жоба онлайн платформа түрінде жұмыс істейді, онда қала тұрғындары инфрақұрылымды жақсарту идеяларын ұсынады, ең өзекті бастамаларға дауыс береді, алдағы уақытта жергілікті билік белгілі бір жобаларды іске асыруда басымдыққа ие болады. Биыл мұндай қалалар тізіміне Павлодар қаласы кіріп отыр.

Өзгелердің жаңалығы