Вице-министр Марат Қарабаев Еуроодақ өкілдерімен кездесті

17 Қараша 2022, 15:33
1298
Бөлісу:
Вице-министр Марат Қарабаев Еуроодақ өкілдерімен кездесті

Вице-министр Марат Қарабаев Еуропалық одақ өкілдерімен кездесіп, орнықты даму бағытындағы әріптестікті талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан алғаш рет жыл сайын өткізілетін ауқымды «Шикізат апталығы» іс-шарасына қатысып, онда бұл бағыттағы мүдделі тараптар жиналды.

Қазақстанның делегациясын Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев бастап барды. Оның құрамында «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы мен аталған салада жұмыс істейтін ғылыми-зерттеу институттары мен өндірістік кәсіпорындардың өкілдері болды.

Вице-министр Марат Қарабаев Еуроодақ өкілдерімен кездесті

Бұл сапар аясында вице-министр Еуропалық Парламенттің Өнеркәсіп, зерттеулер және энергетика комитетінің вице-төрағасы Лина Галвез Мунозбен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы шикізат материалдарына байланысты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ оларды «жасыл» және цифрлы технологияларға көшіруге қатысты тасымалдау мәселелері жөнінде пікір алмасты. Сонымен бірге негізгі іс-шараның аясында қазақстандық делегацияның DG GROW (Ішкі нарық, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі Еуропалық комиссияның бас дирекциясы) бас директорымен кездесу ұйымдастырылып, онда тұрақты шикізат, батареялар мен «жасыл» сутегінің құн тізбегін құру бағытындағы өзара келісім мен стратегиялық әріптестік туралы меморандум бойынша іс-қимылдар пысықталды.

Бұдан бөлек геологиялық барлауға бірлесіп қаражат тарту, жаңа өндіріс орындарын құру, көміртегі қалдықтарын азайту, сондай-ақ салалық ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыру мәселелері көтерілді. 

Вице-министр Марат Қарабаев Еуроодақ өкілдерімен кездесті

Жұмыс сапарының соңында вице-министр еуропалық өкілдер мен қазақстандық сарапшылардың бірлескен пікір алмасу кездесуіне қатысты.

Өзгелердің жаңалығы