Вирус белгісі жоқ науқастар не істеуі керек?

8 Шілде 2020, 13:18
2968
Бөлісу:
Вирус белгісі жоқ науқастар не істеуі керек?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Вирустың белгісі жоқ науқастарға қатысты шаралар туралы №5 Нұр-Сұлтан қалалық емханасының бас дәрігері Алтыншаш Табулдина ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында айтып берді.  

Вирус белгісі жоқ науқастарды біз жақын байланыстағылар дейміз. Оларды емханаға бақылауға алуға барлық шара жасалған. Жеңіл симптом және байланыстағы адамдарға онлайн кеңес беріледі. Науқастар тіркеуде тұрған немесе 65 жастан асқан, созылмалы аурулары бар болса, оларға мобильдік бригада барып, параметрлерін қарайды. Кейін онлайн кеңеске дәрігерлерді тағайындайды. Сондай-ақ, науқастың жағдайы түсініксіз болса, онлайн кеңестен бөлек, дәрігерлер үйлеріне барады, - деді ол. 

Ол атағандай, мобильдік бригада жеңіл түрде ауырған адамдарды провизорлық бөлімге онлайн кеңеске жазады. 

Қажетті жағдайда мобильдік бригада барып, жағдайларын тексеріп тұрады. Ауырған балалар да бар. Оларға барлығымен бірдей көмек жасалып жатыр. Мобильдік топтар үйлеріне барып тұрады. Емханаға келген адамдарға фильтр жасалған. Науқастарға дәрігерлер бөлек есік арқылы қызмет көрсетеді. Емханаға келген балаларға дәрі-дәрмек беру мүмкіндігі бар. Тегін амбулаторлық емге парацетамол, ибуфен тағайындалып жатыр. Пневмония бойынша дәрігер тұрақты тағайындау жасаса, антибиотик беру жағдайы да бар. Антибиотикті де тағайындап жатырмыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы