Вирусқа тест тапсырмайынша жолаушылар қалаға кіре алмайды – елорда әкімдігі

22 Наурыз 2020, 09:59
3536
Бөлісу:
Вирусқа тест тапсырмайынша жолаушылар қалаға кіре алмайды – елорда әкімдігі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың шешіміне сәйкес, шетелден ұшып келген барлық жолаушылар бірден медициналық стационарға орналастырылады.

Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Барлық авиажолаушыларға коронавирус диагнозын анықтайтын сараптамадан өтпейінше қалаға кіруге қатаң тыйым салынады. 

Медициналық қызметкерлер қалаға ұшып келген азаматтарды бірден сараптамадан өткізеді, сараптаманың нәтижесі теріс болған жағдайда ғана келген азаматтар қалада бола алады. Алайда олар дәрігерлердің бақылауында үй карантинінде болады. Сараптама нәтижесі бір тәулік ішінде дайын болады. Коронавирустық инфекцияны тасымалдаушыларды алдын ала анықтап, қала тұрғындары арасында індеттің таралуына жол бермеу қажет. Елорда бойынша коронавирус диагнозы 29 адамда расталып отыр. Әр адам бойынша жұмыстар жасалуда, олармен байланыста болған тұлғалар анықталды, - делінген хабарламада. 

22 наурыз күні сағат 00-ден бастап елордаға кіріп-шығуға тыйым салынды. Пойыздардың қозғалысы тоқтатылды.



Өзгелердің жаңалығы