VIII Халықаралық Baiqonyr кинофестивалі ашылды

7 Қыркүйек 2023, 01:23
596
Бөлісу:
VIII Халықаралық Baiqonyr кинофестивалі ашылды
PHOTO
Фото: автордан

Алматыда VIII халықаралық BAIQONYR кино фестивалі ашылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қысқаметражды фильмдер, отандық және халықаралық, анимациялық филімдер байқауына 80-нен астам фильм, әлемнің 8 елі қатысып, бақтарын сынамақ. Қатарынан 8-ші рет өтіп жатқан фестиваль жас таланттылардың шеберлігін шыңдауға мүмкіндік беруде. 

VIII Халықаралық Baiqonyr кинофестивалі ашылды

 Биыл фестиваль бағдарламасына атақты кинотанушылардың дәрістері мен белгілі режиссердің шеберлік сабағын енгіздік. Айта кетейік, 8 жылдың ішінде 85 кинематографист BAIQONYR-дың лауреаттары атанған. Біздің сарапшылар күн сайын байқау бағдарламасының фильмдерін, сондай-ақ конкурстан тыс көрсетілетін туындыларды талқылайды. Конкурстан тыс 8 қыркүйек күні Корей анимациялық киносы күні болмақ. Ол корей-қазақ анимациясының үлкен арнайы жобасы аясында өткізіледі. Қала тұрғындары мен қонақтарына аталмыш фестиваль кино кеңістігіне терең бойлауға мүмкіндік береді деген сенімдемін, - дейді Baiqonyr кинофестивалінің бағдарламалық директоры Ержан Жұмабеков.

Кинофестивалдің шымылдығы Дархан Төлегеновтің “Ағайындылар" фильмімен ашылады. Режиссер шығармашылық жолын "Байқоңырдан" бастаған. Картина шетелдік фестивальдарда бірнеше марапаттарға ие болған.

VIII Халықаралық Baiqonyr кинофестивалі ашылды

Бұл фильм - толықметражды фильмдердің арасындағы дебютім. Алғашқы премьерасы фестивальдің аясында көрсетілгені мен үшін бақыт. «Байқоңыр» фестивалі жыл сайын үздіктерді анықтап, жас киногерлерге жаңа мүмкіндіктер ашып жатыр. Алдағы уақытта қысқаметражды фильмдер өндірісі жанданады деген сенімдемін. Фильм көрермендердің көңілінен шығады. Түсірілім барысында біраз қызықты сәттер орын алды. Актерлар өз ісінің шебері болғандықтан, ешқандай қиындық туындамады. Бізге осындай мүмкіндік сыйлаған фестиваль алдағы жылдары да жалғасын тапсын, - дейді “Ағайындылар" фильмінің режиссері Дархан Төлегенов.

Кинофестиваль аясында ALMATY ANIMATION FESTIVAL өтеді. Байқауға 4 елдің 21 фильмі, Ресей, Франция және Канада бірлесіп шығарған туындысы ұсынылмақ. Сондай-ақ, ТМД елдерінің кинотанушылары мен сыншыларының II форумы ұйымдастырылмақ.

VIII Халықаралық Baiqonyr кинофестивалі ашылды

Фестивальге 8 елдің туындылары ұсынылған. Конкурс аясында әр елдің кино түсірудегі шеберлігімен таныс боламыз. Бұл іс-шараға студенттер, жас режиссерлер қатысып жатыр. Олар да әлем елдерінің тәжірибесімен танысып, шеберліктерін шыңдап жатыр. Фестиваль қазақ жастарының кино кеңістігіндегі білімін шыңдауға таптырмас мекен болмақ, - дейді BAIQONYR кино фестивалінің әділқазысы Ерлан Нурмухамбетов.

Еске сала кетейік, кинофестиваль 8 жылдың ішінде мемлекеттің қаржылық қолдауынсыз өткізіліп келеді.

Өзгелердің жаңалығы