Вьетнамдағы балық аулау портында шыққан өрттен 19 моторлы қайық жанып кетті

Өрт салдарынан полиция мен мемлекеттік мекемеге тиесілі қайықтар да жанып кетті.

 istockphoto.com 1 Тамыз 2026, 17:17
1 Тамыз 2026, 17:17
119
Фото: istockphoto.com

Вьетнамның Дам Ха ауданындағы балық аулау портында ірі өрт шықты. Салдарынан 19 моторлы қайық жанып кетті.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, өрттен жойылған қайықтардың қатарында полицияға және коммунаның құрылыс, ауыл шаруашылығы және қоршаған орта департаментіне тиесілі екі қайық та болған.

Алдын ала есеп бойынша, өрттен келген шығын шамамен 2,6 млрд донгты немесе 98,8 мың АҚШ долларынан астам қаражатты құрайды.

Өрт полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілердің қатысуымен сөндірілді. Оқиғаның шығу себебі анықталып жатыр, тиісті органдар тергеу жүргізуде.

Наверх