Вьетнамда туристер мінген тікұшақ құлады

6 Сәуір 2023, 11:52
1018
Бөлісу:
Вьетнамда туристер мінген тікұшақ құлады
PHOTO
Фото: e.vnexpress.net

Вьетнамның Куангнинь провинциясының Халонг ауданында туристер мінген тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

E.VNexpress.net басылымы таратқан мәліметке сәйкес, апатқа ұшыраған сәтте тікұшақ бортында бес адам болған. Олардың біреуі – ұшқыш, қалған төртеуі турист екені анықталды.

Bell 505 тікұшағы North Vietnam Helicopter Company мемлекеттік компаниясына тиесілі екендігі айтылуда.

Белгілі болғандай, тікұшақ 10 минуттан 30 минутқа дейін созылған жоспарлы әуе турын жүзеге асырған. Оның құны – 106-дан 303 долларға дейінгі соманы құрайды. Ол Туанчау аралынан ұшып шыққан соң радиосигнал байланысқа шығуын тоқтатқан.

Әскери қызметшілер екі адамның денесін тапты. Қазіргі таңда құтқарушылар тағы үш адамды іздестіріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы