Вьетнам шекарадағы бақылауды күшейтті

10 Қаңтар 2023, 21:30
665
Бөлісу:
Вьетнам шекарадағы бақылауды күшейтті

Вьетнамда коронавирустың қайта өршу қауіпіне байланысты шекара мен әуежайлардағы бақылау күшейтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жергілікті билік Қытай ковидке қарсы шектеулерді алғаннан кейін Жаңа жыл мерекесінде індеттің таралуы арта ма деп алаңдап отыр. Ахуалға байланысты шетелдіктерге виза беру тәртібіне өзгерту енгізіледі. 

Туристер мен жергілікті тұрғындарды індеттен қорғау үшін қосымша шаралар қабылдау қарастырылып жатыр. 

Ал Қытай билігінің мәлімдеуінше, ақпанның 15-іне дейін жалғасатын мейрам күндері, ел бойынша 2 миллиардтан аса адам саяхаттауы мүмкін. 

Өзгелердің жаңалығы