Ветеринардың заңмен белгіленген мәртебесі жоқ

13 Наурыз 2023, 16:36
934
Бөлісу:
Ветеринардың заңмен белгіленген мәртебесі жоқ
Фото: egemen.kz

Бұл туралы Орталық коммуникация қызметінде өткен дөңгелек үстелде Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қазіргі уақытта ветеринариялық дәрігердің мәртебесін заңнамалық деңгейде айқындау жоспарланып жатыр. Ветеринардың заңмен белгіленген мәртебесі жоқ. Сондықтан ветеринариялық дәрігер мәртебесі белгіленеді.

Кемінде екі лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы тағайындалады, ветеринария саласындағы ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежесі үшін қосымша ақы беріледі. Сонымен қатар ветеринарлық дәрігерлер қажетті киіммен, жабдықтармен, бұйымдармен, құралдармен қамтамасыз етіледі. Еңбекақы санатына сәйкес төленеді,- деді Асқар Жақыпбаев.

Оның айтуынша, биыл ветеринария саласындағы мамандарының жалақысының өсуі оң әсер берген. Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында бос орындар жоқ. Ветеринарлар ауылға қайта оралған. 

Вахталық әдіспен жұмыс істеуге кетіп, 250-270 мың алған адамдар ауылға қайтып келіп жатыр. Келесі жылы заң қабылданғаннан кейін жалақы артады. 

Өзгелердің жаңалығы