АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Ақ үй жанындағы тілшілер қауымдастығының қабылдау кеші өткен Washington Hilton қонақүйіндегі атысқа күдіктінің фотосы мен видеосын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жарияланған суреттерде үстінде киімі жоқ, қолы артына кісенделген ер адамның еденде жатқан сәті бейнеленген.
Сонымен қатар президент бақылау камерасынан алынған видеоны да бөлісті. Кадрларда қаруланған адамның бақылау-өткізу бекетінен өтпек болғаны, содан кейін күзет қызметкерлерінің оған қарай оқ атқаны көрінеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Трамп Вашингтондағы кешкі астан шұғыл түрде эвакуацияланған болатын.