Вашингтонда өткен Ақ үй тілшілері қауымдастығының дәстүрлі кешкі асы кезінде қауіпсіздік оқиғасы тіркеліп, президент Дональд Трамп пен бірінші ханым Мелания Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
Агенттік мәліметінше, банкет залы маңында қатты дыбыстар естіліп, дүрбелең басталған. Осыдан кейін Құпия қызмет агенттері мемлекет басшысын және әкімшілік өкілдерін қауіпсіз жерге алып шыққан.
Кешке шамамен 2600 адам қатысқан. Куәгерлердің айтуынша, жиналғандардың көбі қауіптеніп, залдан жаппай шыға бастаған, ал қызметкерлер де эвакуацияға көмектескен.
Тікелей эфир кадрларында Мелания Трамп сахнадан шығарылар алдында алаңдаушылық білдіргені байқалады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға кезінде жоғары лауазымды тұлғалар зардап шеккен жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.