Вакцина сапасына сараптау тәртібін бұзғандар жауапқа тартылады

11 Маусым 2020, 10:35
1922
Бөлісу:
Вакцина сапасына сараптау тәртібін бұзғандар жауапқа тартылады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Әзірленіп жатқан "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" туралы кодексте вакциналардың сапасы мен қауіпсіздігіне сараптама жүргізу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу көзделіп отыр.

Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ҚР Парламенті Сенатының отырысында айтты.

Сенаттың бүгінгі отырысында баяндама жасаған министр бұл кодексті әзірлеу үшін Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың және мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауы мен ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негіз болғанын айтты.

Кодекс жобасын дайындау барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдары, ынтымақтастық даму және даму ұйымына мүше мемлекеттердің көрсеткіштері және Қазақстан 2050 жылға дейінгі стратегиясы ескерілді. Кодекстің жобасы бойынша Парламет Мәжілісі қабырғасында ауқымды және ашық талқылаулар өтті. Одан бөлек азаматтардан 3 мыңнан астам ұсыныс келіп түсті. Олардың барлығын жұмыс тобы қарады, - деді Біртанов. 

Оның айтуынша, бұл кодекс жобасы қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық көмек, денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым, фармацевтикалық қызмет, кадрлық саясат және медицина қызметкерлерін әлеуметтік қорғау, цифрлық сақтау бағытын қамтиды.

Біріншіден, қоғамдық денсаулық сақтаудың деңгейін көтеру мемлекет пен жұмыс беруші азаматтардың ортақ жауапкершілігін қамтамасыз ету мақсатында кодекс жобасында IKOS, Glo, секілді темекінің жаңа түрлерін шектеу, сондай-ақ снюстермен басқа да шегілмейтін темекі бұйымдарын әкелуге, өндіруге және таратуға тыйым салу. 21 жасқа толмаған адамдарға темекі өнімдерін сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу көзделеді, - деді ол. 

Сондай-ақ, вакциналардың адам денсаулығына әсерін реттеу мақсатында адам денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соққан вакциналар әкелу, сатып алу, тасымалдау, сақтау ережелерін бұзғаны үшін вакциналардың сапасы мен қауіпсіздігіне сараптама жүргізу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік еңгізу көзделгенін айтты. 

Одан бөлек қызметкерлердің денсаулығын нығайту және аурулардың алдын алу, медициналық қарап, тексерулер мен скринингтер өткізу мақсатында әлеуметтік демалыстар беру көзделген, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы