Вакцинаға қатысты үкіметтік сайт құру ұсынылды

16 Маусым 2020, 17:07
1538
Бөлісу:
Вакцинаға қатысты үкіметтік сайт құру ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласындағы М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актрисасы Светлана Фортуна "Міндетті екпе: қолдаушылар мен қарсы болушылар" атты онлайн кездесу барысында айтты.

Мен дәрігер де, вирусолог та, инфекционист те емесін. Бірақ вакцинация бойынша ондаған ғылыми зерттеу жұмысын оқып шықтым және балаларымның денсаулығын бақылауда біршама тәжірибем бар. Себебі, олардың бірі екпеден кейін қиындықтарға тап болды. Ал екіншісі екпе салдырмады, бірақ денсаулығы жақсы. Осы орайда айтқым келгені, біз ана ретінде екпеден кейінгі асқыну жағдайларын зерттеуге көп уақыт жұмсаймыз. Осы орайда екпелердің құрамына қатысты алдын ала ақпараттандыру шараларының неге жүргізілмейтініне қатысты сұрағым бар. Себебі, біз бұл тақырыпты зерттеу мәселесімен көп айналысамыз, - деді ол.
Светлана Фортуна бұл бағытта үкіметтік сайт құру керегін айтты.
Ең алдымен, вакциналарға қатысты барлық түсініктеме, болуы мүмкін асқыну жағдайлары, екпенің тиімділігіне байланысты зерттеулер қамтылған үкіметтік сайт құру керек екенін айтқым келеді. Бұл бізге екпе жайында толық ақпарат алуға мүмкіндік береді, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы