Вакцинаның екі компоненті бір күнде: Астана тұрғыны дәрігер жұмысына шағымданды

14 Шілде 2021, 21:58
3817
Бөлісу:
Вакцинаның екі компоненті бір күнде: Астана тұрғыны дәрігер жұмысына шағымданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астаналық Виталий Лозовский коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы компонентін алғаны туралы деректер емханада жоғалып кеткенін айтып, астаналық пабликтердің бірінің Facebook-тегі парақшасында жазған екен.

Спутник V вакцинасының бірінші компонентін қаладағы №8 емханада алдын ала жазылу бойынша 7 мамырда алдым. Қазір екінші дозасын алуға келдім. Емханада бірінші компонентін алғаным туралы деректер базаға енгізілмегені белгілі болды. Маған тағы 1-компонентті алуды өтініп, 2-кезеңді күтуім керек екенін айтты, - дейді тұрғын.
Емханамен келіссөздерден кейін ол вакцинаның екінші компонентін салдырады. Тек вакцина паспортында екі компонентті бір күнде алды деп жазылған. 

Вакцинаның екі компоненті бір күнде: Астана тұрғыны дәрігер жұмысына шағымданды



Өзгелердің жаңалығы