Вакцина алушылардың қатары көбейді

29 Маусым 2021, 10:20
4445
Бөлісу:
Вакцина алушылардың қатары көбейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында елде вакцинациялау қарқыны үдеп келе жатқанын айтты.

Кейінгі кезде елде вакцинациялау қарқыны үдеп келеді. Өткен аптада вакцина алғандардың саны 250 мың адамнан 405 мың адамға көбейді. Біз вакцинациялаудың тиімділігіне талдау жасап көрдік. Сәуір айынан бастап маусымға дейін екпе алғандар санының 1,3 млн адамнан 3,2 млн адамға дейін өсуі індет жұқтыру жағдайларын екі есе азайтқаны байқалады. Осыған байланысты «дельта штамы» анықталған күнде де вакцинациялау эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына жағымды жағынан әсер етіп жатқанын атап өту қажет, - деді Алексей Цой. 

Оның айтуынша, бүгінде егу пунктеріндегі вакцина дозаларының саны жеткілікті. 

Бірінші компоненттің шамамен 800 мың дозасы және екінші компоненттің 1,4 млн дозасы бар. Вакциналарды аймақтарға жеткізу кестеге сай жалғасып жатыр, - деді министр.

Ведомство басшысының мәліметіне сүйенсек, қазақстандықтар 5,2 млн доза вакцинаны пайдаланған. Оның ішінде 1-компоненті бойынша 3 246 795 адам немесе тиісті халықтың 32,8%-ы екпе алған. Екінші компонентпен 1 954 372 адам қамтылған.

Естеріңізге сала кетейік, министр елдегі індетпен ауырып жатқандардың 43 пайызы екі қалаға тиесілі екенін айтқан болатын.
Өзгелердің жаңалығы