Вакцина алғандардан ПТР-тест талап етілмейді – Цой

4 Мамыр 2021, 10:29
3222
Бөлісу:
Вакцина алғандардан ПТР-тест талап етілмейді – Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияның толық курсын аяқтаған қазақстандықтардан ауруханаға жатқызған кезде, еңбек демалысынан кейін жұмысқа шыққанда ПТР-тесті талап етілмейді. 

Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Коронавирусқа қарсы вакцина алатын адамдар санының біртіндеп өсуіне байланысты коронавирустық инфекцияға қарсы егудің толық курсынан өткен адамдарға қатысты бірқатар шектеу алынып тасталды, - деді Цой.

Атап айтқанда, COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсы болғанда ауруханаға жатқызудың кез келген түрінде, ұйымдастырылған ұжымдарға барғанда, еңбек демалысынан, іс-сапардан оралғанда, науқастануына байланысты жұмыс орнында болмаған кезде ПТР тест талап етілмейді.

Сондай-ақ ауруханаға жатқызудың кез келген түріне ПТР-тесті қажет емес. Ал ауырғандармен байланыста болғандар оларды оқшаулау жоспарланбайды екен. 

Бірақ Цойдың айтуынша, медициналық бақылау жасалады.

Вакцина салдырған кеңсе ұйымдарының қызметкерлері қашықтан жұмыс режиміне көшірілмейді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мамин мамырда ауыл тұрғындарына вакцина салуды көбейту керегін айтты. Сонымен қатар отырыс барысында Үндістаннан келгендер қандай жағдайда да карантинге жатқызылатыны белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы