Вакцина алған 100-ден астам адам КВИ жұқтырды – ДСМ

19 Мамыр 2021, 17:38
1544
Бөлісу:
Вакцина алған 100-ден астам адам КВИ жұқтырды – ДСМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-да өткен брифингте вакцинациядан кейін коронавирус жұқтырып жатқандар туралы айтылды.

Вакцинаның екінші компонентін алғандар неге қайта коронавирус жұқтырып жатыр? Зерттеу жұмыстары жүргізілді ме?, - деп журналист КВИ-дің жұқтыру себебін толығырақ түсіндіріп беруді сұрады.

Тілшінің сұрағына ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова жауап берді.

Біз вакцинадан кейінгі ауру жұқтыру бойынша мониторинг жүргіземіз. Атап айтқанда, бірінші компонент бойынша да, екінші компонент бойынша да жасалады. Бүгінгі күні республикада вакцинаның бірінші компонентінен кейін 541 жағдай тіркелді, ал екінші компоненттен кейін 104 адам КВИ жұқтырды, - деп айтты ол.

Есмағамбетова жоғарыда айтылған ақпаратты былай деп түсіндіріп берді.

Бүгінгі күні, мысалы, «Sputnik V» вакцинасының тиімділігі 92%-ды құрайтынын білеміз. Демек қалған 8%-ында иммундық жауап болмай, КВИ-ді қайта жұқтыруы мүмкін. Ал егер азаматтарымыз бірінші және екінші компонентпен алған екпелерінің санын есептейтін болсақ, онда бірінші компоненттен кейінгі үлес салмағы 0,02%-ды, ал екінші компоненттен кейін - 0,03%-ды құрайды. Бұл сандар вакцинацияның тиімді екенін дәлелдейді, - деп түсіндірді ДСМ өкілі брифингте.

Алайда ол ешкім ешқашан вакцинация аурудан 100% қорғайтынын айтпағанын еске салды. 

Айтуынша, эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері адамдардың вакцинацияға коронавирус жұқтырған кезде келгенін көрсетіп отыр.

Бұған дейін былтыр Қазақстанда қанша адам қайтыс болғаны белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы