V Ислам ынтымақтастық ойындары аясында ауыр атлетикадан жарыс басталады

11 Тамыз 2022, 14:22
1769
Бөлісу:
V Ислам ынтымақтастық ойындары аясында ауыр атлетикадан жарыс басталады

Бүгін, 11 тамызда V Ислам ынтымақтастық ойындары аясында ауыр атлетикадан жарыс басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауыр атлетика федерациясының мәліметінше,  спортшылардың  өнерін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша төмендегі кестесі бойынша көре аласыздар.

11 ТАМЫЗ, БЕЙСЕНБІ

15.30 Арли Чонтей (55 келіге дейін)

12 ТАМЫЗ, ЖҰМА

14.00 Өтепберген Әлиев (61 келіге дейін)

19.30 Зульфия Чиншанло (59 келіге дейін)

13 ТАМЫЗ, СЕНБІ

13.30 Алексей Чуркин (73 келіге дейін)

16.30 Еламан Сейітқазы (81 келіге дейін)

14 ТАМЫЗ, ЖЕКСЕНБІ

14.30 Сергей Петрович, Асылжан Бектай (89 келіге дейін)

17.00 Кирилл Ставеркин (96 келіге дейін)

18.00 Арай Нұрлыбекова (76 келіге дейін)

20.00 Айша Омарова, Айым Есжанова (81 келіге дейін)

15 ТАМЫЗ, ДҮЙСЕНБІ 

13.30 Артем Антропов (102 келіге дейін)

19.30 Айзада Мүптілда, Любовь Ковальчук (+87 келі)

Командада жаңарған құрам, көптеген жаңа жас спортшылар бар, олар үшін алдағы Ислам ойындары ересектер санатындағы дебюті болады. Жігіттердің жақсы өнер көрсетуі, алты тәсілді де пысықтау, тұғырды, былайша айтқанда, жарысты сезінуі маңызды. Бізде медальдан үмітіміз бар, 6 медаль алып келеміз деп ойлаймын. Айта кету керек, жарыстар жан-жақты, сәйкесінше медаль тек жаттығулар сомасының қосындысы бойынша болады,- дейді Ауыр атлетикадан ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы Нұржан Смаханов.

Өзгелердің жаңалығы