Ұзынағаштағы оқиғаға қатысты жаға ұстатарлық жайттар белгілі болды

17 Ақпан 2024, 01:13
1697
Бөлісу:
Ұзынағаштағы оқиғаға қатысты жаға ұстатарлық жайттар белгілі болды
Фото: -архив

Алматы облысындағы Балғабек ауылында болған балаларға шабуыл жасау оқиғасына қатысты тағы да жаңа мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, шабуыл жасаған ер адам балалардың анасының бұрынғы сүйіктісі болып шықты.

Ер адам біреудің пәтеріне кіріп, балаларға шабуыл жасаған: төрт баланы да байлап қойып ұрған, пышақпен тілген. Оқиға кешқұрым уақытта орын алған. Балалардың аналары бұл уақытта көршілеріне кеткен. Сол сәтті пайдаланып үйге әйелдің бұрынғы көңілдесі кірген. Бақытқа орай, балалардың дауысын естіп, көршілері көмекке келіп, терезені сындырған.

Сондай-ақ ер адам 13 жастағы жасөспірімді қатты затпен ұрған, оның інісінің ерінін пышақпен тілген. Ал балалардың ең кішісі бассүйек-ми жарақатын алып, миы шайқалған. 10 жастағы қыз бала қатты қорқып қалғаны анықталды.

Үшінші бала, ең кішісі – ең ауыр жарақат алған. Ұрған болуы мүмкін. Бетінің сол жақ бөлігі – соғылған жара. Мидың компьютерлік томографиясын жасадық, сүйек патологиясы байқалмады. Құрсақ қуысының патологиясын да көрмедік. Баланы облыстық клиникалық балалар ауруханасына жатқыздық, - дейді Жамбыл ауданының орталық ауруханасының дәрігері Серік Оралов.

Балалардың отбасы ауылға жарты жыл бұрын көшіп келгені айтылуда.

Күдікті 74 жастағы Түркістан облысының тумасы болып шықты. Бұрын зорлық жасағаны үшін сотталған.

Қазіргі уақытта ол аудандағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның қатысуымен тергеу жұмыстары жүріп жатыр, - дейді Алматы облысы ПД басшысы Бауыржан Әленов.

Еске сала кетейік, желіде Ұзынағашта түсірілген жантүршігерлік видео тараған еді. Кейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы балалардың денсаулығы туралы айтты.

Өзгелердің жаңалығы