Вице-министр түлектер таңдаған үздік 5 университетті атады

1 Тамыз 2019, 17:00
1473
Бөлісу:
Вице-министр түлектер таңдаған үздік 5 университетті атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы түлектердің арасында ұлттық университеттерге сұраныс жоғары болған.

Журналистер Білім және ғылым министрлігінің өкіліне грантқа өтініш білдірген түлектердің арасында еліміз бойынша сұранысы жоғары болған үздік 5 университетті атауды сұрады.

«Дәстүрлі түрде ұлттық университеттеріміз. Еуразия ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, аймақтық университеттер: М. Әуезов атындағы ОҚМУ, Есенов атындағы Каспий технология университеті, Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті көп таңдалғандардың қатарында. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет ашылған халықаралық ІТ университетіне, Қазақ-Британ техникалық университеті, техникалық бағыт бойынша ұлттық университеттер арасында Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне сұраныс жоғары болды», - деді білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова брифинг барысында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, осы жылы «Алтын белгі» алған түлектердің 1200-ден астамы грантқа түсе алмады. Грантқа түсе алмағандарға қосымша грант бөлінеді. 

Сондай-ақ, білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова грант нәтижесімен келіспейтіндер БҒМ-ға өтініш жаза алатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы