Үйді тұрғындардың өзі басқаруы тиімді ме?

24 Наурыз 2023, 16:09
692
Бөлісу:
Үйді тұрғындардың өзі басқаруы тиімді ме?
Фото: egemen.kz

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында МИБ төрағасы Еркебұлан Меңжасаров үйді тұрғындардың өзі басқаруы тиімді екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тұрғындар өз үйлерін өздері басқаруға алғаннан кейін жүйенің көптеген жақсы жағын байқап жатыр. Бұрын мұндай мүмкіндік болмаған. Қазір бір үй бірігіп, өздерінің жеке шотын ашып, қаражаттың ашықтығын және қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын бақылай алады, - деп түсіндірді ол.

Сөзінше, тіпті қысқа мерзімнің ішінде МИБ (Мүлік иелерінің бірлестігі) құрған тұрғын үйлер көптеген жетістіктерге қол жеткізіп үлгерген. 

Әр үйге кіреберісте ақпарат тақталары бар. Сол жерде тұрғын үйдің қаражаты бойынша ай сайынғы есеп беріліп тұрады. Сонымен қатар істеліп жатқан әр жұмыс тұрғын үйдің әлеуметтік желілеріне де жарияланып тұрады, - деп айтты МИБ төрағасы Еркебұлан Меңжасаров ОКҚ-да.

Сонымен қатар МИБ тұрғындардың пікірін біліп отыру үшін олардың арасында сауалнама да жүргізіп отырады.

Өзгелердің жаңалығы