Үйді сатуға 5 жылдық шектеу қалай қолданылады?

22 Қаңтар 2021, 17:25
2851
Бөлісу:
Үйді сатуға 5 жылдық шектеу қалай қолданылады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бұл мәселенің мәнін Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев түсіндіріп берді.

Бекітілген ережеге байланысты 5 жылдық шектеу тек қана біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып, меншікке рәсімделген өтелмеген берешегі бар ипотекалық тұрғын үйді 5 жыл ішінде сатуға жол берілмейді. Тек қана ипотекалық зайымға алынған үйлер, оның ішінде де 1 қаңтардан бері, яғни бүгінгі ереже күшіне енген уақыттан кейінгі алған ипотекаға байланысты болады. Қалған барлық жағдайларда ешқандай шектеу жоқ, - деп түсіндірді ол брифингте.

Дауылбаев сөзінше, яғни егер сіз тұрғын үйді жекеменшікке сатып алатын болсаңыз, яғни Бірыңғай жинақтауыш зейнетақы қорындағы қаражат арқылы сатып алсаңыз, оны кез келген уақытта қайта сатуға құқыңыз бар.

Еске сала кетейік, азаматтарға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті оператор «Отбасы банк» және екінші деңгейдегі банктер бола алады.

Ертеңнен бастап enpf-otbasy.kz арнайы сайт арқылы зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға өтінім беру басталады. Одан бөлек, зейнетақы қорындағы ақша арқылы ипотеканы ішінара, мерзімінен бұрын өтеуге мүмкіндік бар.


Өзгелердің жаңалығы