Ұялы операторлардың байланыс сапасы қалай тексеріледі?

14 Маусым 2022, 13:12
1440
Бөлісу:
Ұялы операторлардың байланыс сапасы қалай тексеріледі?
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Бұл туралы вице-министр Асхат Оразбек Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастырған ашық есік күні барысында айтты.

Вице-министр Асхат Оразбек министірліктің жұмыс бағыты мен енгізіліп жатқан жұмыс туралы айтты.

2009 жылдан бері байланыс желілерін тексеретін қондырғылармен жұмыс істейміз. Былтыр  10 дана кешен қондырғы сатып алдық. Біздің басты мақсатымыз былтырдан бері 968 жергілікті жердің байланысын тексеру болды. Бұл барлық облыстағы әртүрлі ауылдардағы сапаны тексеру еді. 1,5 жыл ішінде барлығын тексердік,- деді ол.

Вице-министр параметрлерге сай келетін (3 және 4G) 56-60%-ды құрағанын айтты.

Жергілікті жерлердегі тұрғындардан инспекция немесе комитетке арыз келіп түседі. Онда ол өзінің тұрғылықты жері мен арызданатын ұялы операторын көрсетуі керек. Біз оны құқықтық статистика органында тіркеп, МТҚ-ға тапсырма береміз. Олар сәйкес зерттеу жүргізеді,- деді Асхат Оразбек.

Кешен ұялы операторлардың байланыс сапасын тексереді.

Өзгелердің жаңалығы