Үстел теннисінен ел құрамасы Азия чемпионатына жолдама жеңіп алды

4 Маусым 2022, 07:47
1268
Бөлісу:
Үстел теннисінен ел құрамасы Азия чемпионатына жолдама жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үстел теннисінен Қазақстан құрама командасы Алматыдағы Орталық Азия іріктеу турнирінің финалына шығып, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

іріктеу турнирінде Иран, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қазақстан құрамалары алдымен кіші топтарда, содан кейін жартылай финалда сынға түсті. Үздік нәтижені Иран мен Қазақстан командалары көрсетті. Бүгін бұл екі команда бірінші орын үшін өзара ойнайды.

Түркіменстан мен Өзбекстан құрамалары қола жүлдені сарапқа салады.

Қыздар арасында чемпион кубогына Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары таласса, 3 орын үшін Иран мен Қырғызстан спортшылары бақ сынайды.

Осылайша құрлықтық жасөспірімдер додасында біздің Орталық Азия аймағынан Қазақстан (ұлдар мен қыздар), Иран (ұлдар) және Өзбекстан (қыздар) командалары жарыс жолына шығады.

Естеріңізге сала кетсек, іріктеу турнирінде біздің еліміздің намысын Алан Құрманғалиев, Ескендір Харки, Санжар Жұбанов, Сағантай Құрмамбаев, Сарвиноз Миркадирова, Ангелина Романовская, Әнел Бақыт, Алиса Цвигун қорғауда.

Өзгелердің жаңалығы