Үштік газ одағы: Ресей тарапынан ресми ұсыныс түскен жоқ - Смайылов

11 Қаңтар 2023, 12:15
1113
Бөлісу:
Үштік газ одағы: Ресей тарапынан ресми ұсыныс түскен жоқ - Смайылов
Фото: автордан

Ресей Қазақстанға «газ одағын» құру туралы ресми ұсыныс жасамаған. Бұл туралы Премьер-министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әзірге «үштік газ одағын»  құру туралы ешқандай ресми ұсыныс түспеді. Ұсыныс түссе, оны қараймыз. Бірақ қазір Ресей Федерациясымен газ жеткізу саласындағы ынтымақтастық туралы екіжақты келіссөздер жүргізіліп жатыр, –  деп жауап берді Үкімет басшысы тілші сұрағына.

Оның айтуынша, Ресеймен арадағы газбен қамту саласындағы ынтымақтастық мәселесі екіжақты келіссөздер арқылы жүргізіліп жатыр.

Таяуда «Газпроммен» келіссөздің келесі кезеңін күтіп отырмыз. Бүкіл қарым-қатынас коммерциялық және өзара тиімді шарттармен жасалады. Біз екіжақты форматтағы жұмысты жалғастырамыз, - деді Әлихан Смайылов. 

Өзгелердің жаңалығы