ҰШҚҰ бітімгерлерін шақырып, Ресей алдында қарыз болып қалған жоқпыз ба? Президент жауабы

29 Қаңтар 2022, 21:52
2361
Бөлісу:
ҰШҚҰ бітімгерлерін шақырып, Ресей алдында қарыз болып қалған жоқпыз ба? Президент жауабы

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында қаңтар оқиғасында ҰШҚҰ бітімгерлерін неліктен шақырғанын және оларды шақыру арқылы Ресейге қарыз болып қалдық па деген сұраққа жауап берді.

ҰШҚҰ бізге ортақ ұйым. Қазақстан 1992 жылы ол құрылғаннан бері оның құрамында. Сондықтан мен оларға жүгінген кезде бөтенге емес, іс жүзінде өзіме және одақтастарыма жүгіндім. Оның үстіне ҰШҚҰ бітімгер күштерін шақыру ұйымның келісімшартына сай болды. Сондай-ақ ҰШҚҰ бітімгерлері Қазқастанға келісімен ешқандай оқ атқан жоқ. О баста бұл күштердің стратегиялық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететіні келісілген. Қалған мәселені өзіміз шешеміз дедік. Бізге қорғаныс шебі керек болды,-деді Тоқаев.

Президент сондай-ақ  ҰШҚҰ бітімгерлері келеді дегеннің өзі бандиттердің зәресін алып, психологиялық соққы бергенін жеткізді. 

Бұл біріккен, үлкен  күш екенін түсіну керек. Ол жерде Ресейден бөлек Белоруссия, Армения, Қырғызстан және Тәжікстан әскерилері болды,-деді ол. 

Сонымен қатар ол Қазақстан ҰШҚҰ бітімгерлерін шақыру арқылы Ресей алдында қарыз болып қалды деген сөздерге қатысты жауап берді.

Ресей президенті Владимир Путинмен көптеген келіссөз жүргіздім. Алайда кейін оны өтеймін деген сөз болған жоқ. Оның үстіне Кремль тарапынан да ондай сипаттағы шарт болған жоқ. Әрбірден кейін Ресей Қазақстан үшін одақтас ел, ол жөнінде 2013 жылы Екатеринбургте келіссөз болған. Ол кезде мен Женевада жүргем, ол құжатта екі ел арасындағы одақтастық туралы айтылған. Біздің елдер арасындағы қарым-қатынас бұл оқиғаға дейін де бұрыннан тығыз байланыста, әріптестік сипатта болған, ол жалғаса береді. Ақпан айының ортасында  Ресей президентінің шақыртуымен Мәскеуден боламын, ол жерде екі ел арасындағы ұзақ мерзімді одақтастық туралы құжатқа қол қоямын,-деді Президент.

Өзгелердің жаңалығы