Үшінші толқын: Ауылдағыларды дәрі-дәрмекпен қамту мәселесі реттелген бе?

30 Наурыз 2021, 18:27
1504
Бөлісу:
Үшінші толқын: Ауылдағыларды дәрі-дәрмекпен қамту мәселесі реттелген бе?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «ҚР-да МСАК-тың рөлі мен дамытуды күшейту және COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы» өткен онлайн брифинг кезінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты.

Бүгінгі таңда барлық емханаларда коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған дәрі-дәрмек 5 түрі керек деп айтып жүрміз. Клиникалық хаттамадағы барлық дәрілермен ауылдық жерлер де толық қамтамасыз етілген. Дәрігерлердің айтуынша, емханаларда да осы препараттардың мөлшері жеткілікті. Ауруханаларда да дәрі-дәрмек қоры бар, - деді ол. 

Ажар Ғиният брифинг барысында коронавирустық инфекциямен ауырған азаматтарға реабилитация жүргізу жұмыстары қолға алынғанын жеткізді. Былтырға қарағанда реабилитация көрсететін қызмет саны 13 рет өсті.

Коронавируспен ауырған және вирусқа көрсеткіші бар адамдардың барлығы бүгінде реабилитациядан сол ауруханалардан немесе Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келісім шарты бар санаторийлерден де өте алады. Ал коронавируспен ауырған бюджет қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлердің денсаулығын қалпына келтіру үшін сауықтыру орындарына беріліп жатқан жолдамалар бұл жергілікті әкімшіліктің қызметкерлерге жасап жатқан көмегі. Ол әр өңірде әртүрлі жүріп жатыр, - деді ол.
Бұған дейін вице-министр сәуір айында вакцина салдырушылар санының көбеюіне орай емханалардың дайындық барысы туралы айтқан болатын. Ал ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сәуірде қосымша 2,5 млн вакцина дозасы әртүрлі өндірушілерден жеткізілетінін және вакцинация вирусты тоқтататын жалғыз жол екенін айтты.
Өзгелердің жаңалығы