Үш жылдан соң Мақтаарал ауданында Әз-Наурыз кең көлемде аталып өтті

22 Наурыз 2023, 16:55
1232
Бөлісу:
Үш жылдан соң Мақтаарал ауданында Әз-Наурыз кең көлемде аталып өтті
PHOTO
Фото: Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Әз-Наурыз мейрамы тек Түркістан облысында ғана емес, өңірге қарасты Мақтаарал ауданында да кең көлемде аталып өтті, деп хабарлайды осы аймақтағы BAQ.KZ агенттігінің тілшісі. 

Олай дейтін себебіміз, аталған ауданның биыл құрылғанына бес жыл толып отыр. Оның үстіне, естеріңізде болса ауданда пандемиямен қатар су тасқыны сияқты ірі апат болды. Әлемде болып жатқан пандемия мен еліміздегі Қаңтар оқиғасы сияқты қиын да өткелең шақтардан аудан халқы қайыспай өте білді. Қазіргі таңда аудан орталығы Мырзакент қалашығы қарқынды дамып келеді. 

Үш жылдан соң Мақтаарал ауданында Әз-Наурыз кең көлемде аталып өтті

Ал аудан көлемінде Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мейрамы үш жылдан кейін қайтадан тойланып өтті. Салтанатты іс-шараға жиылған халықтың санында шек болмады. 

Үш жылдан соң Мақтаарал ауданында Әз-Наурыз кең көлемде аталып өтті

Ең алдымен сахна төріне шыққан «Наурыз» көшін халық құрметпен қарсы алып, қалың көпшілік наурыздың басты символы көжеден дәм татты. 

Бұдан кейін аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздарынан құралған «Мақтаарал» оркестрі мерекені жыр-думанға бөледі. Наурыз тойына мектеп оқушылары да атсалысып, мың бұралған билерімен көрермендерді баурап алды. Қыдыр ата жиналған қауымға ақ батасын беріп, термешілер наурыз туралы тарихи жырларды толғай түсті. 

Үш жылдан соң Мақтаарал ауданында Әз-Наурыз кең көлемде аталып өтті

Өз кезегінде аудан әкімі Бақыт Асанов жиылған халықты наурыз мерекесімен құттықтап, ауданның әрбір тұрғынына алғысын жеткізді. 

Үш жылдан соң Мақтаарал ауданында Әз-Наурыз кең көлемде аталып өтті

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Осынау жер жаңарып жатқан шақта аудан халқы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ұйымшылдықпен әрдайым игі істің қасынан табыла білдіңіздер. Қиындықта да, қуанышта да бірге болып, көтерістіңіздер. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп жатқан өзгерістерін қолдап, үлес қосатындарыңызға сенімдімін. Ұлыс оң, ақ мол болсын, отбасыларыңызға байлық пен береке тілеймін, елімізде тыныштық пен жақсылық болсын, - деді тілегін білдірген аудан басшысы. 

Үш жылдан соң Мақтаарал ауданында Әз-Наурыз кең көлемде аталып өтті

133 мыңнан астам тұрғыны бар Мақтаарал ауданы шығыс халқына ортақ Ұлыстың ұлы күнін керемет тойлауға барын салды. Мерекелік бағдарламаға эстрада жұлдыздары да қатысып, аудан халқына тамаша көңіл-күй сыйлады. Бұдан бөлек, аудандағы түрлі ұлт өкілдері орыс, өзбек, тәжік, кәріс, әзірбайжан этномәдени орталықтарының өнерпаздары да құр алақан келмей наурыз қызықтарымен бөлісті. 

Үш жылдан соң Мақтаарал ауданында Әз-Наурыз кең көлемде аталып өтті

Наурызға келген қолөнер шеберлерінің көрмесі мен этномәдени орталықтардың ұлттық тағамдар көрмесі мен ұлттық спорттық және ұлттық ойындар жарысы да ұлы мерекені айшықтай түсті. 

Үш жылдан соң Мақтаарал ауданында Әз-Наурыз кең көлемде аталып өтті

Сонымен қатар, Наурыз мерекесіне арнайы құрылған этноауыл да мерекенің көркіне үлес қосты. Этноауылда жеті қазақтың киіз үйі құрылып, ұлттық тағамдардан келушілерге дәм ұсынылды. 

Үш жылдан соң Мақтаарал ауданында Әз-Наурыз кең көлемде аталып өтті

 Осылайша мақталы алқаптың тұрғындары биыл Әз-Наурыз мейрамын ерекше қарсы алып, атап өтті. Сондай-ақ аудан орталығында ғана емес, жер-жердегі ауылдар мен ұжымдарда да наурыз мейрамы кеңінен тойланып жатыр. 

Үш жылдан соң Мақтаарал ауданында Әз-Наурыз кең көлемде аталып өтті
Өзгелердің жаңалығы