Үш өңіріндегі 8 жол учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді

22 Қараша 2023, 10:16
407
Бөлісу:
Үш өңіріндегі 8 жол учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Екпінді жел мен қатты жаңбыр салдарынан еліміздің үш өңіріндегі 8 жол учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Күтіп-ұстау жұмыстарына 170 арнайы техника мен 240 маман жұмылдырылды.

Ақмола облысында:
"Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" күре жолының Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін;
"Жақсы-Есіл-Бұзылық" жолының Жақсы ауылы мен Бұзылық ауылы арасы;
"Жезқазған-Петропавл" күре жолының СҚО шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін;
"Екатеринбург-Алматы" тасжолының СҚО шекарасынан Атбасар қаласына дейінгі аралығы

Солтүстік Қазақстан облысында:
"Жезқазған-Петропавл" күре жолының Ақмола облысының шекарасынан Дружбинское ауылына дейін;
”Екатеринбург-Алматы" күре жолының Чистополье ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралық;

Қостанай облысында:
"Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" күре жолының Әулиекөл ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін;
"Жезқазған-Петропавл" тасжолының Арқалық қаласы мен Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралығында

Өзгелердің жаңалығы