Үш миллион теңге ұрлаған қылмыскер ұсталды

1 Мамыр 2021, 03:11
1787
Бөлісу:
Үш миллион теңге ұрлаған қылмыскер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда әйел адамды өлтіріп, 3 миллион теңгесін ұрлаған қылмыскер ұсталды. 

ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қанды оқиғаны тергеп-тексеру барысында қаза тапқан әйелдің банк картасынан үш миллион теңге сомасында қаражат жоғалғаны анықталған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Түпқараған ауданындағы Таушық ауылында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Тінту кезінде полицейлер одан 2 миллион 500 мың теңге ақша қаражатын тәркіледі. Күдікті Ақтау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы