Үш күнге арналған ауа райы болжамы

29 Сәуір 2022, 11:15
1956
Бөлісу:
Үш күнге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге, 30 сәуір мен 2 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.  

Демалыс және мереке күндері, қазақстандықтарды көктемгі ауа райы қуантпайтын болады. 

1 мамырда ел аумағына тағы бір суық антициклон басып кіріп, жылы ауа массаларын елден тыс жерлерге ығыстыра бастайды. 

Суықтың көп бөлігі солтүстік аймақтарға кетеді: түнде термометр бағандары 0-5 жылуды көрсетеді. Ал, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтар тауларды суықтан қорғайды, солайша жылы, бірақ жаңбырлы ауа райын кешіктіретін болады.

Өзгелердің жаңалығы