Үш айдан кейін қант таусылады деген ақпарат шындыққа жанаспайды – министрлік

12 Наурыз 2022, 20:24
2792
Бөлісу:
Үш айдан кейін қант таусылады деген ақпарат шындыққа жанаспайды – министрлік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үш айдан кейін қор таусылады, қант тапшылығы болады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады.

Кеше АШМ және СИМ хабарлағандай, бүгінгі күні елде қант тапшылығы жоқ. Сауда желілері мен тұрақтандыру қорларында бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының қоры кемі үш айға жеткілікті. Сонымен қатар қант өндірісі жалғасып жатыр, тоқтамайды! Қор толтырылып отырады. Яғни «үш айдан кейін қор таусылады, қант тапшылығы болады» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Елдегі қант өндірісінен бөлек, өзге елдерден импорттау мүмкіндігі бар. Сондықтан ажиотажға ерік бермеуге шақырамыз, - деді Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Әлішер Өмірзақ.

Естеріңізге сала кетейік, елордада қант 510 теңгеден сатылып жатыр деген ақпарат шыққан болатын.

Өзгелердің жаңалығы