Үш ай ішінде 100-ден аса тұрмысы нашар отбасы анықталды

4 Сәуір 2024, 13:25
260
Бөлісу:
Үш ай ішінде 100-ден аса тұрмысы нашар отбасы анықталды

Ертіс өңірінде тұрмысы нашар отбасыларды анықтап, жедел әрекет ету жұмысы күшейтілді. Нәтижесінде үстіміздегі жылдың үш айында бұл санатқа жататын 144 жанұя анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облыстағы балалар құқықтарын қорғау уәкілі Наталья Пакидованың айтуынша, тұрмысы нашар отбасыларды тауып, оларға әлеуметтік қолдау көрсету үшін жедел әрекет ететін 168 топтың жұмысы күшейтілді.

Үш ай ішінде анықталған тұрмысы нашар отбасыларда 400-ге жуық кәмелеттік жасқа толмаған бала тәрбиеленуде. Жанұялардың барлығы есепке алынды. Мәселені кешенді шешудің бірыңғай жүйесін жүзеге асыру, балалардың құқықтарын қорғау мақсатында өңірде арнайы комиссиялар жұмыс істейді. Осы жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс қорытындысы бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Жүздеген сұрақтарды ішінде жекелеген отбасыларға қатысты 174 жеке іс қаралды. Жасөспірімдерге қатысты мәселелердің барлығын жіті бақылап, мониторинг жүргіземіз, - дейді Наталья Покидова.

Былтыр жасалған сараптамаға сәйкес құқықбұзушылық жасаған балалардың 54%-ы тұрмысы нашар отбасыларда тәрбиеленетін жеткіншектер болып шықты. Осыған байланысты осы санатқа жататын жанұя мүшелерімен жұмыс күшейтілді.

Айта кетейік, материалдық қолдауға зәру отбасыларды қолдау мақсатында олар атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылған. Өңірде жыл басынан бері 6 мыңнан астам бала тәрбиелеп отырған 2452 отбасы осындай көмекке ие болды. Бюджеттен 446 млн тенге бөлінді. Қазір оқудағы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған инфрақұрылымды кеңейту ісіне баса назар аударылып келеді.

Облыста ерекше қажеттіліктері бар 8 мыңға жуық бала болса, олардың 2 мыңға жуығында мүгедектегі бар.

Өзгелердің жаңалығы