Үш ауысымды мектептер мәселесі толығымен шешілді – Шымкент әкімі

7 Желтоқсан 2023, 16:10
564
Бөлісу:
Үш ауысымды мектептер мәселесі толығымен шешілді – Шымкент әкімі
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Шымкент қаласында соңғы 4 жылда 66 мың орындық 101 мектеп пайдалануға берілген. Бұл туралы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мектептердің 80%-ы инвесторлар есебінен салынған.

Пайдалануға берілген мектептердің нәтижесінде, үш ауысымды мектептер мәселесі толығымен шешілді. Сондай-ақ, қаладағы 134 мыңнан астам бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Одан бөлек, еңбек нарығына талдау жүргізіліп, қажетті маман дайындау үшін колледждерге жаңа 11 250 грант бөлінді,-деді қала әкімі Ғабит Сыздықбеков.

Оның айтуынша, биыл 500 орындық оқушылар сарайы пайдалануға берілген.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 28 мың оқушыға арналған 18 мектеп салу жоспарланған. Бүгінгі таңда 12 мектептің құрылысы басталды. Сонымен бірге, «Тұран» шағын ауданында 500 орындық оқушылар сарайы салынуда,-деді қала әкімі.

Өзгелердің жаңалығы