ҰҚК: Ресейде Қазақстанның екі азаматы мерт болды

9 Наурыз 2024, 11:09
1271
Бөлісу:
ҰҚК: Ресейде Қазақстанның екі азаматы мерт болды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

БАҚ-та Ресей Федерациясында Қазақстанның екі азаматының террорлық акті жасауды ұйымдастыруға әрекеті кезінде Ресейдің күштік құрылымдарымен көзі жойылғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұл адамдардың Қазақстандық азаматтығы және Ресейге шыққандығы расталады, – делінген хабарламады.

Көрсетілген факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Тексеріс ынтымақтастық арнасы аясында Ресей ФҚҚ-мен тығыз байланыста жүзеге асырылуда.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы