ҰҚК қызметін қайта форматтау жұмысы басталды

3 Ақпан 2022, 10:34
1479
Бөлісу:
ҰҚК  қызметін қайта форматтау жұмысы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі ҰҚК шаралары туралы Мемлекет басшысының 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында және 27 қаңтарда Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын орындау үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомствоның қызметін қайта форматтау жөніндегі жұмысты бастады. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады. 

ҰҚК органдарының, оның ішінде Шекара қызметі мен «А» Арнаулы мақсаттағы қызметінің құрылымын, міндеттері мен функцияларын бағалау және оңтайландыру бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды.Терроризмге, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа және халықаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес, сондай-ақ экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшелерінің қызметін қайта құру және нығайту мәселелері жеке шығарылды. Жеке құрамның жауынгерлік дайындығын күшейту бойынша шаралар әзірленді, - делінген хабарламада. 

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб күштік құрылымдар мен мемлекеттік органдардың ТҚО режимі жағдайындағы бірлескен іс-қимылдарына оларды жетілдіру жөніндегі шараларды әзірлей отырып талдау жүргізуде.

Бұл жұмыстың нәтижесі ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел-қызметтік іс-қимылын ұйымдастырудың құрылымы мен тәсілдерін қайта ұйымдастыру болады.

Өзгелердің жаңалығы