ҰҚК Қырғызстанмен шекарадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

18 Мамыр 2024, 20:09
384
Бөлісу:
ҰҚК Қырғызстанмен шекарадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

БАҚ-та Бішкек қаласындағы түнгі тәртіпсіздіктерден кейін пәкістандық студенттердің Қырғызстаннан Қазақстанға өтуге жиналып жатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алайда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Қазақстан мен Қырғызстанның шекарашылары Бішкек қаласындағы қалыптасып отырған жағдай туралы үздіксіз ақпарат алмасып отыр, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы