ҰҚК психотроптық заттарды сатқан 2 азаматты ұстады

7 Наурыз 2022, 12:00
1793
Бөлісу:
ҰҚК психотроптық заттарды сатқан 2 азаматты ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері Ақтөбе қаласының  екі ҚР азаматын интернет-ресурстары арқылы психотроптық заттарды өткізді деген күдікпен ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. 

Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 1,7 кг-дан артық «мефедрон» және «α-PVP» психотроптық заттары алынды.25 ақпанда есірткі тобының тағы екі қатысушысы ұсталды, олардан тінту кезінде 2,8 кг-дан артық синтетикалық есірткі алынды.Сонымен қатар 2 наурызда Шығыс Қазақстан облысында Алматы қаласынан Өскемен қаласына есірткі тасымалдауға күдікті азамат ұсталды. Тергеу іс-қимылдарында заңсыз айналымнан 1,2 кг психотроптық зат алынды, - делінген хабарламада.

Алынған есірткінің «қара нарықтағы» алдын ала құны 114 млн. теңгеден артық сомаға бағаланып отыр.

Осы фактілер жөнінде ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу басталды.

Ақтөбе және Өскемен қалалық тергеу соттары көрсетілген адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

 

 

Өзгелердің жаңалығы