ҰҚК мен ФҚҚ арнайы операция жүргізді

17 Наурыз 2023, 16:33
992
Бөлісу:
ҰҚК мен ФҚҚ арнайы операция жүргізді
Фото: ҰҚК

Жыл басынан бері Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ІІМ Ресейдің ФҚҚ-мен бірлесіп, Байқоңыр қаласы мен Қызылорда облысындағы криминогендік жағдайды сауықтыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін хабарланғандай, қаңтар айында екі елдің арнайы және құқық қорғау органдары Қазақстан мен Ресей азаматтары қатысқан қоғамдық қауіпті қылмыстық топтың қызметін тоқтатты.

Аталған жұмысты жалғастыра отырып, ҰҚК аса қатыгездікпен ерекшеленетін кезекті ұйымдасқан қылмыстық топты жедел зерделеуге алды. Оның қатысушыларының ауыр жалпы қылмыстарға (кісі ұрлау, бопсалау, ұрлық, кісі өлтіруге оқталу) қатысуы құжатталды.

15-16 наурызда ҰҚК-ФҚҚ, сондай-ақ ІІМ және прокуратура қызметкерлері қатарынан мемлекетаралық жедел-тергеу тобы Алматы, Қызылорда және Байқоңыр қалаларында қылмыстық әрекеттің 13 жетекшісі мен белсенді қатысушыларын ұстау бойынша біржолғы арнайы операция жүргізді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, ұсталғандардың өзге де қылмыстар жасауға қатыстылығы анықталуда.

Өзгелердің жаңалығы