2023 жылғы қазанда есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл саласындағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірқатар операцияларды іске асырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синтетикалық есірткінің 5 қолдан жасалған өндірісінің және 1 каннабис өсіруге арналған фитолабораторияның заңсыз қызметі бейтараптандырылды.
Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның құзыретті органдарымен бірлесе халықаралық есірткі трафигінің 6 арнасы жойылды.
Аталған арнайы операциялар барысында 23 күдікті ұсталды.
Заңсыз айналымнан 300 кг-ға жуық есірткі және психотроптық заттар, сондай-ақ «синтетика» жасауға арналған 1 тоннадан астам химиялық прекурсорлар тәркіленді.