ҰҚК Алматы әуежайында жалған төлқұжаты бар төрт шетелдікті ұстады

9 Сәуір 2022, 12:10
2076
Бөлісу:
ҰҚК Алматы әуежайында жалған төлқұжаты бар төрт шетелдікті ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 сәуірде Алматы қаласының әуежайында паспорттық бақылаудан өту кезінде жалған құжаттар ұсынған Орталық Азия елдерінің 4 азаматы ұсталды.

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабалады.

Жүктерін тексеру кезінде олардың нақты паспорттары табылды.

Алдын ала деректер бойынша, олар жалған құжаттарды Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен өту үшін сатып алған. Бір жалған төлқұжаттың құны 10 мың АҚШ долларын құраған.

Жалған құжаттар тәркіленді.

Оларды елден депортациялау мәселесі шешілуде.

Өзгелердің жаңалығы