Университетті басқару үшін сингапурлық тәжірибе қолданылады – министр

1 Қараша 2022, 12:26
1193
Бөлісу:
Университетті басқару үшін сингапурлық тәжірибе қолданылады – министр

Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек университеттердің  басқару жүйесін қандай өзгерістер болатынын айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Бұл бағыт аясында Ректорлар кеңесінің жұмысын жаңа тұрғыдан жандандыруды қарастырудамыз. Менеджерлердің (ректорлық корпустың) жаңа буынын қалыптастыру Сингапурлық талант-менеджмент (talent management)  үлгісінде жүзеге асыру жоспарлануда. Жұмыс берушілердің, бизнес-құрылымдар, кәсіптік және қоғамдық бірлестіктер, өңірлік әкімдіктер өкілдерін корпоративтік басқаруға кеңінен тарту жұмысы да жалғасын табады, - деді Саясат Нұрбек.

Министрдің айтуынша, жоғарғы білім саласындағы топ-менеджерлердің  біліктілігін үнемі арттыру мақсатында форсайт-сессиялар, курстар басталады. 

Университеттер ішінен шыққан талантты, көшбасшылық қасиеттері бар менеджерлер резервін құру жұмысын да  жүргізудеміз. Институционалдық инвесторларды тарту және басқару жүйесін дамыту үшін халықаралық тәжірибені ескере отырып, «Нысаналы капитал қорлары туралы» Заң жобасының тұжырымдамасы пысықталуда, - деді Ғылым және жоғары білім министрі. 

Өзгелердің жаңалығы