Үндістандық студент: Жылдың төрт мезгілін көру өте керемет

16 Маусым 2023, 17:18
1100
Бөлісу:
Үндістандық студент: Жылдың төрт мезгілін көру өте керемет
PHOTO
Фото: автордан

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті 2018 жылдан бастап шетелдік студенттер білім алуда. Үндістандық Догра Пуджа солтүстік өңірден алған әсерлерімен бөлісті, деп хабарлайды Ақмола облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

2019 жылдан бастап оқу орны Үндістан мен Пәкістаннан «Жалпы медицина» мамандығы бойынша «жалпы практика дәрігері» бағыты бойынша шетелдік студенттерді қабылдауда.

Қазіргі уақытта университетте 328 студент оқиды, оның 263-і Үндістаннан, 64-і Пәкістаннан, 1-і Ауғанстаннан. Оқу орнында «Жалпы медицина» бакалавр академиялық дәрежесіндегі медициналық кадрларды даярлау бойынша шетелдік студенттер дәріс алуда.

Үндістандық студент: Жылдың төрт мезгілін көру өте керемет

Үндістандық Догра Пуджа – университеттің 5 курс студенті. Осы уақыт ішінде оқумен қатар, тіл үйренуге ден қойған. Білікті ұстаздарының арқасында ол сөздік қорын кеңейтіп, қойылған сауалдарға жауап бере алады.

Туған жерім Мумбайға жақын. Жасым – 23-те. Бұрын-соңды үйден алыс ұзамағандықтан, бастапқы бетте ата-анамды қатты сағындым, үй-ішіммен алғаш сөйлескенде жыладым. Мен олармен күніне екі рет бейнебайланысқа шығып, WhatsApp желісі арқылы хабарлама жазамыз.Бала күнімнен дәрігер болуды армандадым. Өйткені маған адамдарға көмектескен ұнайды. Табиғатымнан нәзіктік, мейірімділікке ұмтыламын. Болашағымды гинеколог мамандығымен байланыстыруға шешім қабылдадым. Ата-анам да бұл ойымды қуаттады. Қазақстандық медициналық университеттердің білім беру бағдарламалары барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келетіндіктен, шетелдік студенттердің медициналық мамандық алу үшін біздің елімізді таңдауы кездейсоқтық емес. Жалпы, Қазақстанда ғана емес, Ресейде, Украинада және Беларуссияда оқитын барлық жас отандастарым ақылы білім алуда. Оқу ақысын ата-аналары төлейді, барлығы жатақханада тұрып жатыр, - дейді студент.

Ол студенттер өзара ағылшын тілінде сөйлесетінін айтады. Шетелдік студент Қазақстанда халықаралық қарым-қатынас тілін аз адамдар білетініне таң қалғанын жасырмады.

Қала бойынша экскурсиялар кезінде ағылшын факультетінде оқитын студенттер гид, мерекелер, баспасөз кездесулерінде аудармашы ретінде қызмет көрсетеді. Осы бес жыл ішінде елге пандемия кезінде ғана баруға мүмкіндік туды. Әкем - кәсіпкер, анам үй шаруасымен айналысады, інім мектепте оқиды. Мұнда үйреніп қалдық, бәрімізге ұнайды. Біз барлық студенттермен сөйлесеміз, олар бізді өте жылы қабылдады, қолдайды, бәрін түсіндіреді, көрсетеді, қала бойынша экскурсиялар жүргізеді, бізді ренжіткен емес. Жергілікті тұрғындар мейірімді, тілдесуге тырысады, ағылшын тілін білмейтіндер бізбен онлайн аудармашының көмегімен сөйлеседі. Жергілікті тұрғындардың ашықжарқын және мейірімді екені қуантады, - деп қосты Догра Пуджа.

Ол атап өткендей, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде білікті, тәжірибелі педагогтар дәріс береді. Сабақтар ағылшын тілінде жүргізіледі, қазақ-орыс тілдерін үйренеді.

Әрине, климаттық өзгешелік бірден сезілді. Мен бұрын-соңды қар көрген емеспін. Тіпті оның дәмін де татып көрдік және әрине, суретке түсіп, ата-анама жібердім. Бір рет ауырып, университет жанында есімнен танып қалдым, жедел жәрдем шақырылды. Ауруханадағы тазалық, өз ісіне ұқыпты, мұқият медициналық қызметкерлер ұнады. Қазақстанның табиғаты өте ұнайды, жылдың төрт мезгілін көру өте керемет. Алматы, Астана, Бурабайға баруға мүмкіндік туды. Рас, бірінші жылы қыста қатты суық пен температураның күрт өзгеруі әсер етті. Қазақстанға келгеннен кейін бізге қысқы жылы киімдер мен аяқ киім берілді. Үндістанда бәрі басқаша ғой, біздің елдеріміздің арасында көптеген айырмашылықтар бар. Үндістанда көптеген ұлттар, діндер бар, әр елдерден келген адамдар тұрады, тағам да әртүрлі. Мысалы, мен тұратын жерде қыс болмайды. Сондықтан біз үшін Қазақстан өзгеше сезім сыйлаған ел. Маған Көкшетаудың табиғаты ұнайды, - дейді студент.

Үндістандық студент: Жылдың төрт мезгілін көру өте керемет

Шетелдіктер де өздерінің ұлттық мерекелерін атап өтуді ұмытпайды. Үнділік Дивали мерекесі кезінде дәстүрлері бойынша достарымен жатақхананы безендіргенін айтады.

Мереке жақсылықтың зұлымдыққа қарсы символдық салтанаты болып табылады және оның құрметіне қаланың барлық көшелері шамдармен жарықтандырылады. Мерекеде сыйлық беру дәстүрі де бар. Ата-аналарымыз жіберген ақшаны теңгеге айырбастаймыз, - дейді студент.

Ол бастапқыда тамақтануға үйрену қиын болғанын айтады.

Өйткені мен вегетарианмын, ет тұтынбаймын. Мұнда ірімшік қосылған самса, пирогтар ұнады. Біз өз Отанымызды сағынған кезде жатақханада ұлттық тағамдарымызды дайындаймыз. Үндістаннан арнайы дәмдеуіштерімізді де өзімізбен ала әкелдік, ұлттық киіміміз – үнді сариін де киеміз. Туыстарыммен күн сайын бейне қоңырау арқылы сөйлесемін. Оларды қатты сағынамын. Бірақ жоғары білім алуым керек екенін түсінемін. Өйткені менің болашағым осы мамандықпен байланысты, – дейді Догра Пуджа.

Догра Пуджа бос уақытында қала көшелері, саябақ, гүлзарларда серуендегенді, курстастарымен дәмханаларға барғанды, туыстарына хат жазғанды және сурет салғанды ұнататынын айтады. Тіл үйренуді де жалғастыруда. Қазір ол мемлекеттік емтихандарды тапсыруда және алыстағы ата-анасы мен туғандарын қуанту үшін диплом алатын сәтті асыға күтуде. Шетелдік студент біздің университеттің неге таңдау жасағанын түсіндірді.

Елде біліктілікті растау үшін тағы бір емтихан тапсыруым керек, содан кейін ғана дәрігер болып жұмыс істей аламын. Үндістанда дәрігер мамандығы жоғары бағаланады, әрі жалақылары да жоғары. Бірақ өкінішке орай, пандемия кезінде көптеген дәрігерлер бақилық болды. Қазір кадр тапшылығы сезілуде. Ал жоғары оқу орындарында оқу құны өте қымбат және халық санының көп болуына байланысты медицина факультетіне оқуға түсушілер арасында бәсекелестік жоғары және оқу құны өте қымбат. Арманымды жүзеге асыруға мүмкіндік берген Көкшетауды ешқашан ұмытпаймын», – дейді үндістандық студент.

Үндістандық студент: Жылдың төрт мезгілін көру өте керемет

Биыл Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің медицина факультетін 32 шетелдік түлек тәмамдайды, оның 5-і үздік дипломға үміткерлер қатарынан.

Бүгінгі күні қазақстандық жоғары оқу орындарында Үндістаннан 5 мыңнан астам студент оқиды.

Өзгелердің жаңалығы