Үндістанда Жаһандық Оңтүстік дауысы саммиті өтеді

11 Қаңтар 2023, 13:46
1015
Бөлісу:
Үндістанда  Жаһандық Оңтүстік дауысы саммиті өтеді

Үндістан үкіметі жаңа және бірегей бастама аясында 2023 жылдың 12-13 қаңтарында арнайы виртуалды саммит өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл "Жаһандық Оңтүстік дауысы" саммиті "Дауыс бірлігі – мақсат бірлігі" тақырыбы аясында Жаһандық Оңтүстік елдерін ортақ платформада көзқарастары және басымдықтарымен бөлісу үшін біріктіруді көздейді. Саммитке 120-дан астам ел шақырылды.

Үндістанның Қазақстандағы елшілігінің мәліметінше, бастама Васудхайвы Кутумбакам Үнді философиясына (әлем – бір отбасы) негізделген.

Үндістан «Жаһандық Оңтүстік дауысы» саммиті кезіндегі талқылауларда серіктес елдер қосқан құнды үлесті бүкіл әлемде лайықты мойындау үшін жұмыс істеуді көздейді.

Сонымен қатар, Үндістанның G20-ға қазіргі төрағалығы G20-ға мүше емес елдерге G20-дан өз идеяларын бөлісуге керемет мүмкіндік береді.

Бұл  Үнді премьер-министрінің Үндістанның G20-ға төрағалығы тек G20 серіктестерімен ғана емес, сонымен бірге дауысы жиі естілмейтін жаһандық Оңтүстіктегі серіктестерімен кеңесу арқылы қалыптасады деген мәлімдемесіне сәйкес келеді, – делінген хабарламада.

Саммит он сессиядан тұрады. Төрт сессия 12 қаңтарда, ал алты сессия 13 қаңтарда өтеді. Әр сессияға 10-20 елдің басшылары мен министрлері қатысады.

Ұлықтау және қорытынды сессиялар мемлекет және үкімет басшыларының қатысуымен өтеді деп күтілуде, жиынға премьер-министр Нарендра Моди төрағалық етеді. Көшбасшылардың бірінші сессиясының тақырыбы – "Жаһандық Оңтүстіктің дауысы – адамға бағытталған даму", ал көшбасшылардың қорытынды сессиясының тақырыбы – "Дауыс бірлігі – мақсат бірлігі". 

Үндістанда  Жаһандық Оңтүстік дауысы саммиті өтеді

Сондай-ақ, келесі тақырыптар бойынша 8 сессия өтеді:

  • "Адамдарға бағытталған дамуды қаржыландыру" тақырыбында Қаржы министрлерінің отырысы;
  • "Өсу мен экологиялық таза өмір салты арасындағы тепе-теңдік" тақырыбында қоршаған орта министрлерінің отырысы;
  • "Жаһандық Оңтүстіктің басымдықтары-қолайлы ортаны қамтамасыз ету" тақырыбында Сыртқы істер министрлерінің отырысы;
  • Энергетика министрлерінің "Энергетикалық қауіпсіздік және даму - өркендеуге жол картасы" тақырыбындағы отырысы;
  • "Денсаулық сақтаудың тұрақты жүйелерін құру үшін ынтымақтастық" тақырыбында денсаулық сақтау министрлерінің отырысы;
  • "Адам ресурстарын дамыту және әлеуетті арттыру" тақырыбында Білім министрлерінің отырысы;
  • "Жаһандық Оңтүстікте синергияны дамыту - сауда, технология, туризм және ресурстар" тақырыбында сауда министрлерінің отырысы;
  • "G-20: Үндістан төрағалығына арналған ұсыныстар" тақырыбында Сыртқы істер министрлерінің отырысы.
Өзгелердің жаңалығы