Үндістанның Нью-Дели қаласындағы Индира Ганди атындағы халықаралық әуежайда Swiss әуе компаниясының ұшағынан жедел эвакуация кезінде алты жолаушы жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Times of India сайтына сілтеме жасап.
Ұшақ ұшуға екпін ала бастаған сәтте қозғалтқыштың бірі істен шығып, артынан өрт тұтанған.
Экипаж ұшуды тоқтатып, жолаушыларды ұшу-қону жолағында шұғыл түрде эвакуациялау туралы шешім қабылдаған. Апаттық траптар қолданылған. Алты адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Әуе компаниясы оқиғаның себептерін анықтау үшін тергеу жүргізетінін мәлімдеді.