Үндістанда лай көшкінінен 26 адам қаза тапты

23 Шілде 2023, 13:22
703
Бөлісу:
Үндістанда лай көшкінінен 26 адам қаза тапты

Үндістанның Махараштра штатында болған лай көшкінінен қаза тапқандар саны 26-ға жетсе, тағы 90-ға жуық адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін 22 адамның қайтыс болғаны туралы айтылған.

Құтқарушылар тағы төрт адамның денесін тапты, көз жұмғандар саны 26-ға жетті: 25 жергілікті тұрғын және бір өрт сөндіруші, - дейді полиция.

Бейсенбіге ауған түні Райгад округінде орналасқан ауылдағы үйлерді лай көшкіні басып қалған. Салдарынан 48 үйдің 17-сі қираған. Ауылда тұратын 200 тұрғынның 86-сы жоғалғандар қатарында.

Өзгелердің жаңалығы