Үндістан вакцинацияны рекордтық қарқынмен жүргізуде

23 Қаңтар 2021, 16:46
1653
Бөлісу:
Үндістан вакцинацияны рекордтық қарқынмен жүргізуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанда бір күнде шамамен 350 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцина алды. Ал бір аптада олардың саны 1,4 миллионға жуықтады. 

Бұл туралы korrespondent.net жазды.

Үндістанның Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бір тәулікте коронавирусқа қарсы вакцинация алғандардың рекордтық саны 347 058 адам жетті.

Вакцинация Үндістанда 16 қаңтарда басталды. Бір апта ішінде 1 390 592 адам егілді (тәулігіне 200 мыңға жуық).

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі екпе алғысы келетіндер саны артып келе жатқанын атап өтті.

Үндістан билігі бірінші кезеңде 30 миллион адамды, оның ішінде 10 миллион медицина қызметкерін және тәуекел тобындағы 20 миллион қызметкерді, полиция, әскери қызметкерлер, азаматтық қорғаныс саласы қызметкерлерін вакциналауды жоспарлап отыр.

Одан кейін 50 жастан асқан және 50 жасқа дейінгі қатар жүретін аурулары бар адамдар егіледі. Олардың жалпы саны 270 млн адам.

Жарты жыл ішінде Үндістан шамамен 300 млн адамды вакциналауды жоспарлап отыр.

Бірінші кезеңде вакцинация екі вакцина арқылы жасалады. Бұл британиялық-шведтік AstraZeneca компаниясы мен Оксфорд университеті әзірлеген Covishield препараты, сондай-ақ үндістандық Bharat Biotech компаниясының Covaxin вакцинасы. Екі вакцина да Үндістанда бар.

Өзгелердің жаңалығы