Үндістан Пәкістанмен шекарадағы басты өткелді жапты

24 Сәуір 2025, 12:47
397
Бөлісу:
Үндістан Пәкістанмен шекарадағы басты өткелді жапты
Фото: ru.wikipedia.org

Үндістан Кашмирдегі шабуылдан кейін Пәкістанға қарсы бірқатар шаралар қабылдады. Бұл шабуылда 26 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Ел билігі шекарадағы негізгі өткелді жапты, Үнді мен оның салалары бойынша су бөлісу келісімін тоқтатты, пәкістандық дипломаттарды елден шығаруға бұйрық берді және визасы бар кей адамдарға 48 сағат ішінде елден кетуді талап етті.

Шабуыл туристік Пахалгам аймағында болды. Бұл – соңғы кездердегі ең қанды шабуылдардың бірі. Үнді билігі шабуылға Пәкістанды жанама түрде айыптап отыр. Премьер-министр Нарендра Моди бұл әрекетті "терроризмге қарсы күресімізді күшейтеді" деп сипаттады.

Пәкістан бұл шабуылға қатысы жоқ екенін айтып, жағдайды талқылау үшін Ұлттық қауіпсіздік кеңесін шақырды.

Кей мәліметтерге қарағанда, шабуылды "Кашмирлік қарсыласу" тобы жасаған. BBC бұл ақпаратты әзірге растамаған.

Куәгерлер оқиғаны дүрбелең мен қантөгіс деп сипаттады. Қаза тапқандардың көбі индуист азаматтар болған, бірақ бір жергілікті мұсылман да көз жұмған.

Бұған дейін Үндістанның Кашмир аймағындағы танымал туристік бағыт – Пахалгамда белгісіз қарулы адамдар бейбіт туристерге оқ жаудырып, 20-дан астам адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы